Қазақстандағы жалақының орташа деңгейі ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 13,6 пайызға өсті.

Жұмыс істейтін әр адамға шаққанда оның мөлшері 23 мың 566 теңгені құрады, - деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Статистика жөніндегі агенттікке сілтеме жасап. Жалақының өсімі экономикалық қызметтің барлық буындарында да байқалды. Мәселен, көлік пен байланыс саласында жалақы мөлшері 27,9 пайызға, коммуналдық және әлеуметтік қызмет жүйесінде - 24,4, өнеркәсіпте - 11,2, денсаулық сақтауда – 10,9, ал білім беруде – 10,1 пайызға артты. Ең жоғары еңбекақы бұрынғысынша қаржы жүйесінде істейтіндерге тиесілі. Аталған буын қызметкерлерінің орташа жалақысы 54 мың теңгенің үстіне шығып отыр. Республика аймақтары бойынша алғанда жоғары еңбекақы – Атырау облысының еншісінде. Мұнда еңбек ететін әр адам орта есеппен 47 мың 055 теңге алады.