Еуро Одақтың сыртқы саясатына жауапты Хавьер Солана, Иран өзінің ядролық нысандарына кез келген кезде халықаралық тексерушілердің келіп тексеру өткізу туралы қосымша қаттамаға қол қойып, бірақ Иранға қарсы БҰҰ-ның шектеулерін енгізбеуді ұсынды. Бірақ АҚШ Мемілекеттік хатшысы Колин Пауэлдың мәлімдеуінше, Вашингтонның пікірінше, Иран әлі де ядролық қаруға ие болу жоспарынан бас тартқан жоқ. Бейсенбі күні Венада Халықаралық атом қуаты агенттігінің басшылары бас қосып Ираның ядролық бағдарламаларын талқылайды.