Анти-семиттік көзқарасты азайту мақсатында Францияда жаңа шаралар ойластырылуда.
Осыған орай Франция ел басы Жак Ширак демалыс күндері лауазымды тұлғалармен кездесулер өткізді.
Франция елі Еврей қауымдастығының да, Мұсылман өкілдерінің де, Европадағы ең көп қоныстанған мекені болып отыр. Сондықтан Израйль мен Палестина арасындағы қақтығыстардан Таяу Шығыста қалыптасып жататын жағдайлар бұл қаумыдастық өкілдерін де айналып өткен емес. Осыған орай Франциядағы еврей қауымдастығы ғимараттарына шабуылдар жиілеп жатады. Мысалы, сенбі күні еврей мектебіне қойылған от үшін ешкім жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Дей тұрғанмен, әдеттегідей, аталған әрекеттер Мұсылман жастарының қолымен атқарылған болуы мүмкін-, деген тоқтам жасалды. Соңғы үш жыл ішінде Палестинаның Израйль басқыншылығына қарсы көтерілісі өрістеген сайын Франциядағы еврей мекендеріне шабуылдар да жиілей түсуде-, дейді Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Брефни Ороурк. Қазіргі кезде Франция ел басы Жак Ширак “жаңа анти-семитизм” деп аталатын құбылысқа қарсы шаралар қолдануды жөн санауда. Дүйсенбі күні Ширак мырза Елисей сарайында кезектен тыс отырыс шақырды. Онда ел өкімет басшысы мен министрлер бұл құбылыспен күресу үшін жаңа бағдарлама жасауды жоспарлада. Бұл жөнінде Ширак мырза: “Антисемитістік әрекеттердің алдын-алу үшін мықты қырағылықты, оларды іздестіру барысында өте табандылықты және аса шапшаңдықты талап етіп келемін-, деді.
Осы отырыстан кейін Ширак мырза Еврей және Мұсылман қауымдастықтары басшыларымен жеке-жеке жағдайда кездескен болатын. Ал, дүйсенбі күнгі отырыс барысында министрлер антисемитизммен күрес заңдарын одан әрі күшейтуге, сондай-ақ ел тұрғындарына осы шаралар жөнінде нақты мәліметтер жеткізіп тұру үшін жоғарғы дәрежедегі арнайы комитет құруға шешім қабылдаған болатын. Осы негізде Франция өкімет басшысы Жан-Пьер Рафарен қалалық тұрғындар арасында арнайы бағдарлама жүргізу мақсатында 7 миллиард доллар қаржы бөлу жөнінде шешім қабылдады. Осылайша, проблеманың тамырына балта шабуға болады, дейді олар. Себебі, қазіргі кезде бұл елде бес миллион Мұсылман өкілдері өмір сүруде. Олардың көпшілігі жұмыссыздықтан, жағдайдың жасалмауынан зардап шегуде. Францияның бұрынғы отары болған Солтүстік Африка елдерінен келген иммигранттар мен олардың балалары бұл елде тұрып жатқандарына бірнеше онжылдықтар өтсе де, Францияның әлеуметтік қауымдастығына ешқашан лайықты түрде қабылданған емес. Бұрынғы ата-баба мекендерінен айрылып қалған, ал жаңа мекендеріне лайықты түрде қабылданбаған Мұсылман жастары өз мүмкіндіктерін толық аша алмай келеді. Социологтардың пікірінше, осы себепті де ашынған жастар аталған антисемиттік әрекеттердің сыртында тұруы мүмкін. Аталған қаржы осы діттеген мүддеге нақты түрде жұмсалған жағдайда, мұның өзі қиын түйінді шешуде көмек болуы мүмкін. Алайда, мұндай шаралар аздық етеді-, дейді саяси бақылаушылар. Брюссельде дүйсенбі күні болған кездесу барысында Израйль Сыртқы істер министрі Силван Шалом Европа елдері Сыртқы істер министрлерін антисемитизмге қарсы шара қолдануға шақрыды-, дейді мақала ауторы.