Қарашаның 19-ы күні Бішкекте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің мәжілісіне Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бастаған делегация қатысуда.
Аталған министрліктің ақпарат және талдау басқармасының кеңесшісі Гүлмира Сұлтанәлидің айтуынша, мәжіліс аясында мынадай мәселелер талқыланбақ екен.
«Ұйымның бүгінгі күн тәртібі, Ресей федерациясының аумағында осы ұйымның хатшылығына орналасуы туралы мәселе, сондай-ақ ұйым органдарының процедураларының ережелерін талқылайды. Сонымен қатар министрлер осы жылдың 27-28 сәуірде Душанбе қаласында болып өткен ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ұйымының сессиясы шешімдерінің жүзеге асырылу барысын талқылайды.Сондай-ақ Ауғанстандағы жағдай да қаралады.»
Біз «Ауғанстанға қатысты қандай мәселе қаралады» деп сұрағанымызда Гүлмира Сұлтанәли былай деп жауап берді:
«Ауғанстан Орталық Азия үшін өте маңызды ел болып табылады. Біздің аймағымыздағы қауіпсіздік мәселесіне үлкен әсерін тигізетін ел. Сондықтан Ауғанстанда әлемдік коалициялық күштердің операциясынан кейін елде тыныштық орнады ма, экономикалық дамуға негіздер қаланды ма, сосын алдағы уақытта болатын Жоғары кеңеске сайлауға дайындық барысы, осы мәселенің бәрі талқыланады деп ойлаймын.»
Бішкекке сапары кезінде Қазақстанның сыртқы істер министрі бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарлануда.
«Осы сапар барысында Қасымжомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президентімен, премьер-министрімен, сыртқы істер министрімен кездеседі. Келіссөздер өткізеді. Олардың барысында екі мемлекет арасындағы одақтастық қатынастар, сондай-ақ сауда экономикалық байланыстарды нығайта мәселелері талқыланады», - деді Гулмира Сұлтанәли.
Қазақстан тарапынан барған делегация құрамында Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы жөніндегі комитеттің өкілдері бар. Жоғарыда аталған мәжіліске осы ұйымға мүше Ресей, Армения, Қырғызстан, Беларус мемлекеттерінен делегация қатысады деп күтілуде.