Американдық сахна жұлдызы Майкл Джексонның атына тұтқындау бұйрығы шығарылды. Ол кәмелетке толмаған ер баланы жыныстық қатынасқа итермеледі деп айыпталды. Калифорния штатының полициясы Майкл Джексон тез арада полицияның қолына берілсін, сосын ол үш миллион доллар кепілдемеге қамаудан босатылады деп мәлімдеді.
45-жасар Майкл Джексонға қанша айып тағылып отырғаны айтылмады. Дегенмен, ол үш жыл-сегіз жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Майкл Джексонның адвокаты айыптарды жоққа шығарды. Басқа қалада жүрген Майкл Джексон Калифорния полициясына келуге дайын деп мәлімденді.
Майкл Джексон ересек баланы бұзды деген күдікке 1994 жылы бір рет тап болған еді. Сонда поп-эстрада жұлдызы 14 жасар балаға бірнеше миллион доллар төлеп, сотты іске жеткізбей тоқтатқан болатын.