Қырғызстанда тәуелсіз баспахана орталығының ашылуы бұл сала бойынша республикада бәсекелестіктің туындауына себепші болып отыр.
Қырғызстанда халықаралық қаржылай көмек арқасында тәуелсіз баспахана орталығының ашылуы елдегі баспасөз бостандығының жаңа арнаға көтерілуіне елеулі түрде септігін тигізетін болады-, дейді журналистер мен оппозиция өкілдері. Мұндай айтулы өзгерістердің алдын-алуға Қырғыз өкіметінің шамасы келмеді десе болғандай. Себебі, аталған орталықтың ашылуына тікелей қолдаушы және қаржыландырушы болған Уашингтон еді. Ал, ресми Уашингтонға Қырғызстанның әжептауір қарыз екендігі де жасырын емес-, дейді ББС-дің Бішкектегі тілшісі Сұлтан Жұмағұлов Соғыс және Бейбітшілік иституты үшін жазған өз мақаласында. Елдегі оппозициялық ақпарат құралдарын басып шығарудан бас тартқан елдегі басты баспаханаға бұл өндіріс орыны тікелей бақталас болмақшы. Журналистер одағының төрағасы Қуан Мамбеталиев бұл жобаның жүзеге асуы бұрынғы совет өкіметі құрамында болған аталған республика үшін айтарлықтай құбылыс,-деп отыр. Жаңа тәуелсіз баспахана орталығын Фридом Хауз ашып, ал оған қаржылай жағынан Құрама Штаттарындағы Демократия, Адам хұқықтары және Еңбек департаменті қолдау көрсетуде. Оның ашылуы 14-ші қарашада АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Елизабес Жонс және Лорн Кранердің ұйымдастыруымен жүзеге асқан болатын. Олардың пікірінше, бұдан былай тәуелсіз басылымдар, орталықтан болуы мүмкін тексерулер мен қысымдардан қорықпастан, жарыққа еркін шығатын болады. Мемлекеттік меншіктегі Ұшқын баспаханасы бұған дейін оппозициялық бағыттағы басылымдарды басып шығарудан бас тартып, сол себепті де ол бұқаралық ақпарат құралдарының талайы мәжбүрлі түрде жабылып қалған еді.
Өкіметке жақын бұлақтар хабарларына қарағанда, ресми өкілдер жаңа тәуелсіз баспахана орталығының ашылуы елдегі ұлттық қауіпсіздікке нұқсанын тигізуі мүмкін,-деген уайым ойлауда. Белгісіз боп қалуды қалаған бір ресми тұлға өз сөзінде: “Осы еркін баспахана қызметі мүмкіндігін пайдаланып, алдағы уақытта екстремистік бағыттағы не болмаса порнографиялық әдебиеттер жарық көруі мүмкін”,-деді. АҚШ-тың көмегіне аса зәру болғандықтан да, осы елдегі ұйымдар ынтасымен дүниеге келген баспаханаға көлденең тұруға ресми өкілдердің шамасы келмей қалды-, дейді әлгі өкіл. Бішкектен 30 километр қашықтықтағы Манас әуе жайында АҚШ әскери күштері 2001-ші жылдың желтоқсанынан бері орналасқан. Содан бергі аралықта ел економикасына 170 миллион доллар кіріс әкеліп отыр. Дей тұрғанмен, өкіметтік бағыттағы бұқаралық басылымдар бұрынғысынша “Ұшқын” баспаханасының қызметін пайдаланып, сол арқылы өздерінің патриоттық бағыттарын танытуы сұралса керек. Себебі, сондай басылым жетекшілері алдағы кезде де мелекеттік баспахана қызметін пайдалана беретіндіктерін айтуда. Осы екі аралықта “Ұшқын” баспаханасы өзінің қызмет көрсету бағасын 20 пайызға төмендетіп те үлгерді. “Біз мұндай қадамға бәсекелестік ниеттер тұрғысында барып отырмыз”,-дейді оның басшысы Қаныбек Иманалиев.