Өзбекстандағы қудалауларға қарсы Алматыда акция болып өтті.

Алматыда бүгін Өзбекстан үкіметінің мұсылмандарды қудалауларына қарсы рұқсат етілмеген жиын болып өтті. Полиция аспанға мылтық атып көшедегі жиынды таратпақ болған. Содан кейін полиция жиынға қатысушылардың біразын тұтқынға алған. Полиция тұтқындалғандардың қайда апарылғаны жәйлі ақпарат бермей отыр деп хабарлайды Алматыдан Kz-today AA.