АСТАНА: Өткен қаңтар-қазан айларында Қазақстанның ауыл-шаруашылығында өндірілген жалпы өнімнің көлемі қазіргі бағамен есептегенде – 539 млрд. теңгені құрап, 2002- жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға ұлғайған. Өткен жылдың 1-інші қарашасына қарағанда барлық шаруашылықта төрт түлік мал мен құстың саны өскен. Қазақ ақпарат агенттігіне ҚР-сының статистика жөініндегі ВАгенттігінен хабарланғандай, малдың саны шаруа қожалықтары мен жекелеген шаруалықтар есебінен ұлғайған. Сонымен бірге ауыл-шаруашылық кәсіпорындарында түйенің және қой мен ешкі санының азаюы жалғасуда. Өткен жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда биыл республиканың барлық аймағында ет өндірісі өскен.