АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігінің Бағдадтағы штаб-пәтері тағы да атқыланды.

БАҒДАД: АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігінің Бағдадтағы штаб-пәтері тағы да атқыланды. Штаб-пәтер орналасқан аулада сейсенбінің кешінде кем дегенде 2 зымыран жарылды. Қаза болғандар туралы әзірше ақпар жоқ. Қараша айында уақытша әкімшіліктің штаб-пәтері талай рет оқтың астында қалды. Жиілеп кеткен шабуылдар АҚШ-тың әсікери басшылығын терроризмге қарсы ауқымды шараларын бастауға мәжбүр етті. АҚШ-тың әскери орталық басқармасының жетекшісі генерал Джон Абизаидтің мәлімдеуінше, әлгі шаралар нәтиже беріп, коалиция құрамындағы одақтастарға қарсы шабуылдар айтарлықтай сиреген.