Бағдадтағы Италия елшілігі бомбаланды.

Бағдад. Өткен түні Бағдадтағы Италия елшілігі бомбаланды. Шабуыл салдарынан елшілік ғимараты зардап шекті, кісі шығыны болған жоқ. ҚШ Ираққа алдағы жаңа жылдан бастап 3000 жауынгер енгізетін болды. Алдағы жылы ҚШ Ираққа барлығы жаңадан 108 мың солдат кіргізбек. Бұл әскер бүгіндері Ирақта өз әскери міндеттерін өтеп жатқан 130 мың америка әскерінің орнына басуға тиіс.