Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театрында белгілі композитор Ш.Қалдаяқовқа арналған жас орындаушылардың байқауы өтеді.

ШЫМКЕНТ: Бүгін Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театрында белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған жас орындаушылардың байқауы өтеді. Осымен 6-ншы рет өткелі отырған байқауға “Халықаралық” деген биік мәртебе беріліп, республиканың 12 облысымен бірге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның әншілері де қатысуға өтініш берген.