Эстонияда саяси дағдарыстың түйіні шешілді – билік басындағы коалицияға кіретін партиялар салықтарды азайту мәселесі бойынша өзара ортақ ұйғарымға келе алды.

ТАЛЛИНН: Эстонияда саяси дағдарыстың түйіні шешілді – билік басындағы коалицияға кіретін партиялар салықтарды азайту мәселесі бойынша ортақ ұйғарымға келе алды. Эстон премьер-министрі Юхан Партс мәлімдегендей, тараптар жеке адамдарға салынатын салықты 2007-інші жылға дейін саты-сатылармен 20 пайызға дейін қысқарту туралы өзара келісті. Халық одағы партясы, егер үкімет келесі жылы салықты 26 пайыздан 24 пайызға дейін азайтатын болса, билік коалициясынан шығамын деп қорқытқан болатын.