1 желтоқсанда БАҚ туралы заң жобасына орай парламент депутаттыры, бірқатар заңгерлер мен журналистер қатысқан тыңдаулар жалғасты. Осындай тыңдаулар бұған дейін екі мәрте болғаны бар. Бұл жолғы Соғыс және бейбітшілік институты, Қазақстан баспасөз клубы, сондай-ақ «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры ұйымдастырған талқылау барысында парламентке ұсынылған тұжырымдамалар қарастырылды. Заң жобасының бесінші, алтыншы тармақтары радио, телевизия хабарларына арналған.
Осы жөнінде «Әділ сөз» қорының заңгері Илиодор Кальсин сөз алып, бұл жоба халықаралық стандарттан өте алыс жатқан құжат дегенді айтты. Себебі жоба нұсқасы шикі, бір-біріне қайшы тұстары өте көп дейді.
Ал өз кезегінде сөз алған Интерньюс-Қазақстан ұйымының заңгері Сергей Власенко хабарлар таратылуының біркелкілігі түсініксіз, мемлекеттік тілде және басқа тілдегі хабарлар қанша және қалай таратылады деген нақтыланбаған дейді.
Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының тәуелсіз БАҚ-тар жөніндегі сараптама орталығының үйлестірушісі Ғалия Әженова өз пікірін білдірді.