Желтоқсанның 1-і күні таңертеңгі сағат 8 шамасында Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі шамасы 10-15 секундке жалғасты. Осы шамалас екінші жер асты дүмпуі 25 минуттан соң қайталанды. Алатыда болған жер сілкінісі оқиғасына байланысты Алматыдағы Сейсмология институты директорының орынбасары Асқар Оспановпен хабарласқанымызда ол радиомызға былай деді:
- Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 300 шақырымда, Нарынқол ауданына таяу жерде Қытай аумағында болған. Жер сілкінісі ошағында 7 баллдық ал Алматыда 4 баллдық жер асты дүмпулері тіркелді. Сейсмология институты директорының орынбасары Асқар Оспановтың айтуынша жер сілкінісі ошағына жақын Нарынқолда шамасы 6 баллдық жер дүмпуі сезілген. Жер сілкінісінің координаттары солтүстік ендіктің 42 градус 52 минуты, шығыс бойлықтың 80 градус 39 минутына дөп келді.
Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агентігінің баспасөз хатшысы Қайыржан Төрежановтың хабарлауынша қазір Қазақстан аумағында осы жер сілкінісі зардабын шеккен Ұйғыр және Райымбек аудандарында төтенше жағдайлар жөнінідегі агентіктің арнайы тобы жұмыс істеуде. Соңғы сәттерде келіп түскен мәліметтерге қарағанда жер сілкінісі салдарынан Ұйғыр және Райымбек аудандарында 8 мектептің ғимараты бүлінген, ал бүлінген тұрғын үйлердің санын арнайы топ қәзір анықтау үстінде. Әзірге Қазақстан аумағында зілзаладан зардап шеккен адам жоқ. Бірақта шетел ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша Қытайда жер сілкініс салдарынан 10 адам қаза тапқан ал жарақаттанған адамдар да біршама бар көрінеді. Жер сілкінісі ошағы болған жерде құтқару жұмыстары жүріліп жатыр.