Желтоқсанның 8і күні Алматыға италияндық белгілі әнші ұстаз Марио Мелани келіп, бір апта бойы вокалдан дәрістер жүргізеді. Ол сабақтар барысында таңдап алынған екі жас Италияға барып білім алу құрметіне ие болады, деп хабарлайды Казахстан тудей агенттігі.
Осы кезге дейін, Марио Меланиден, өзге әйгілі әншілермен қатар қазақстандық Амангелді Ыбраев, Жәмила Баспақова және Дариға Назарбаева да тәлім алған.
Сондай-ақ, қазақстандық, атап айтсақ өскемендік бір топ азамат Эстонияға барып, Электрондық басқару академиясында оқып қайтады. Бұл оқуды Сорос-Қазақстан қоры ,
ЕҚжЫнтымақтастығы ұйымының қолдауымен Өзін-өзі басқару үрдісін дамыту орталығының қоғамдық қоры ұйымдастырған.