Басқару Кеңесі мүшелерінің бұл мәселедегі ұстанымдарында бірізділік жоқ. Шииттердің рухани көсемі аятолла Али Систани Құрама Штаттардың уақытша Ирақ үкіметін маусым айында құруды қарастыратын жоспарына қарсылық білдірді. Яғни ол, сайлаулар мен билікті тапсыру одан ертерек болуы керек дегенді айтуда. Пол Бремермен кездесудің қорытынды нәтижелері жөнінде толық мәліметтер әлі түскен жоқ.