ҚШ сім Ирақты тұрақтандыруда НАТО келесі жылы үлкен рөл ойнауы керек деп біледі.

Бағдад. ҚШ сім Колин Пауел НАТО алдағы жылы Ирақта тұрақтандыруда үлкен рөл атқаруы керек деп мәлімдеді. Пауел Брюсселде бұл идеяға тіптен Ирақтағы соғысқа қарсы болған Франция мен Германияның өзі қарсы шықпады деді. НАТО –ға мүше 26 елдің біразы Ираққа кәзірдің өзінде жасақ енгізіп отыр. Осы орайда бүгін НАТО бас хатшысы Джордж Робертсон былай деді:

"Алайда егер жағдай талап етсе, НАТО-ның Ирақта көп шаруа тындыра алатынын ешкім жоққа шығармайды" Бүгін Бағдад орталығындағы мешіт алдындағы көшеде қопырылыс болып 2 ирақтық 1 ҚШ солдаты опат болды. Бүгін Бағдадта болып өткен 500 кісілік шеру бейбіт тұрғындарға қарсы террорды тоқтатуға шақырды.