АҚШ әскері Ауғанстандағы терроризмге қарсы соңғы 2 жылдағы ең ірі операциясын іске асыруда.

КАБУЛ: Үкіметтік ауған армиясының қолдауына сүйенген АҚШ әскері Ауғанстандағы терроризмге қарсы соңғы 2 жылдағы ең ірі операциясын іске асыруда. 2 мыңдай АҚШ жауынгері қатысқан “Тасқын” деп аталатын бұл шараның басты мақсаты – Ауғанстанның оңтүстік және шығыс аудандарындағы тәліптер мен “Әл-Қаида” жасақтарының ізін кесіп, қолға түсіру болып отыр.