Вашингтонда министрді сұрақтың астына алған журналистер сенбі күні оңтүстік Ауғанстанда күдіктелген террорлық нысанаға әуе шабуылы кезінде тоғыз баланың өліміне соқтырған қайғылы қателікке қарамастан, әуе күштері шабуылдарды не себепті жалғастырды деген сауалдар қойды. Рамсфелд АҚШ күштері бас көтерушілерді ұстауды мақсат етті деген. Алайда Америка әуе күштерінің генералы Ричард Мейерс сенбі күнгі шабуылдардың басты нысанасы- Молла Уазирдің өлтірілген, өлтірілмегені айқын емес деп айтқан осы баспасөз-мәслихатында.