Желтоқсанның басында Еуропа Одағындағы жетекші елдердің бірі болып табылатын Германияның Федералдық канцлері Герхард Шредер 2 күндік сапармен Астанаға келіп қайтты.
ВВС агенттігінің мәліметі бойынша, 2004-інші жылы Қазақстанға Франция президенті Жак Ширак пен Италияның премьер-министрі Сильвио Берлусконидің ресми сапарлары жоспарланып отыр. Оған қоса 2004-інші жылдың көктеміндегі кезекті президент сайлауы алдында Ресей президенті Владимир Путин де Астанға барып қайтуды жоспарлап отырған сияқты.
Әлемнің маңдайалды елдерінің Қазақстан сынды жас та тәуелсіз елге осылайша асқан қызығушылық танытып, жапа тармағай келе бастауы, ресми Астананың мәлімдеуінше, Қазақстан мен оның қазіргі басшылығының халықаралық абыройының биіктей түскенін көрсетеді. Ал ақиқатына келгенде – солай ма?
Желтоқсанның 4-5-і аралығында Германияның канцлері Герхард Шредер Шығыс Азия елдеріне сапарынан қайтқан жолында Астанаға ат басын бұрып, 2 күн қонақтап, қазақтың бай дастарханынан дәм татып қайтты. Неміс лидерінің Қазақстанға тұңғыш ресми сапарын, ресми мәлімдемелерге сәйкес, Германия үшін де, дау жоқ, Қазақстан мен оның қазіргі президенті Н.Назарбаев үшін де – аса жемісті болды деп қорыту керек. Ең маңыздысы – бұл сапардан, ең алдымен, ресми Астана көбірек “пайда” тапқан сияқты. Оны Қазастанның сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың “Экспресс К” газетіне берген сұхбатындағы мына жолдары анық аңғартады:
“Еуропадағы жетекші елдердің бірі болып табылатын Германия лидерінің біздің елге келуі - көп мәселені білдіреді. Ең алдымен Қазақстан – экономика мен саясат салаларындағы реформаларымен табысқа жеткен және барлық салада ұзақ мерзімге әріптес болуға мүмкіндігі зор ел ретінде қызықтырады”.
“Экспресс К” газетіндегі сұхбатында Г.Шредердің Қазақстанға сапарын министр Қ.Тоқаев, сонымен бірге, қазақ дипломатиясының бірден-бір жетістігі ретінде көрсетуге тырысады:
“Биылғы жыл біздің мемлекетіміздің халықаралық абыройын одан әрі нығайтуға бағытталған жыл болды. Қазақстандық дипломатияның іс-әрекетін мен нақ осылай бағалар едім”.
Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың сөзіне қарағанда, оған қоса келесі жылы Қазақстанға басқа да Батыс Еуропа елдері лидерлерінің сапаралары жоспарланып отырған көрінеді. Бірақ қандай елдердің жетекшілері келетінін қазақ министрі нақты айтпайды. Оның есесіне BBC агенттігі “неміс кәсіпкерлерінің арқасынан Еуропадағы басқа бәсекелестерінің демі бұрқырап шығып тұр; Франция президенті Жак Ширак пен Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони Қазақстанға келесі жылы келеді” деп нақты хабарлады.
Бір сөзбен айтқанда, неміс канцлерінің өткен сапарын және франсұз президенті мен италиян премьер-министрінің Қазақстанға келесі жылға белгіленіп отырған ресми сапарлары, бір қараған көзге – Қазақстан мен оның қазіргі президенті Н.Назарбаевтың, Қ.Тоқаев айтқандай, биік халықаралық аброй-беделінің нығая түскенін аңғартқандай болады және, тағы да сол сыртқы істер министрінің мақтана мәлімдегендей, қазақ дипломатиясының сөзсіз жетістігі деп бағалау керек сияқты көрінуі әбден мүмкін.
Қараша айының соңында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйымның Венадағы отырысында өз бастамасымен сөз сөйлеуге сұранған Н.Назарбаевтың, аяқ-астынан тұмаулатып ауырып, ауруханаға төсек тартып жатып қалуынан кейін, Қазақстанға Батыс лидерлерінің өз беттерімен келе бастауы, әрине, Астана үшін “жерден жеті қоян тапқанымен” бірдей болса керек.
Алайда мұның барлығы өзгешелеу көрінеді. Айталық, ЕуроОдақтағы Германия, Франция және Италия сынды дамыған елдерінің Қазақстанға, Қ.Тоқаев мәлімдегендей, оның саяси-экономикалық реформаларындағы жетістіктері үшін ғана қызықпайтын көрінеді – Батыс елдерін Астанаға өз мүдделері жетелеп отыр. Мысалға, “Франкфуртер Альгемайне” газетінің жазуынша, ЕуроОдақ елдерінің басшылары мен үкімет жетекшелерінің Қазақстанға келетін сапарларының ұзын тізбегі мұнай мен газдың эскпортына деген Еуропаның мұң-мүддесін көрсетуге тиіс. Берлиндегі ғылым және саясат Қорының сарапшысы Андреа Шмитц “Неміс толқыны” Радиосына берген сұхбатында:
“Қазақстан – ЕуроОдақпен етене жақындасуға ұмтылады. Бұл ұзақ үрдіс. Оның барысында Қазақстанның белгілі саяси стандарттарды, мысалға – адам құқықтары саласындағы стандартарды мойындап жүзеге асыруына тура келеді. Өкінішке орай, бұл елде әзірше құқықтық мемлекет құру онша жемісті жүрмей отыр” - деп атап көрсетті.
Жалпы Г.Шредердің сапарын сипаттап жазған бүкіл неміс баспасөзі мен саяси сарапшыларының Қазақстанның ішкі ахуалы туралы көзқарастары ортақ көрінеді – бірыңғай сыни сарында…
Мысалға, “Берлинер Моргенпост” газетінің пікірінше, Берлин Қазақстанға, мемлекет басшысының авторитарлық билігіне қарамастан, Орта Азиядағы тұрақтылықтың кепілі есебінде қарайды”.
Келесі бір неміс басылымы “Берлинер Цайтунг”-тің атап көрсетуінше, Н.Назарбаевпен кездесуі кезінде Г.Шредер адам құқықтары тақырыбын көтермеді. 90-ыншы жылдардың ортасына дейін Қазақстан, неміс газетінің пікірінше, феодалдық құрылыс қайта орнатылған мемлекеттердің ортасындағы либералдық арал саналып келді. Бірақ ол либералдықтың нышаны қазір тым аз қалды. Оппозиция қудалануда, журналистер қысым көруде, жаңа партиялар құру сан-алуан заңдық тосқауылдарға душар болуда”.
“Неміс толқыны” Радиосының пікірінше, кешегі компартия лидері Н.Назарбаев – басшылық лауазымдарға өзінің отбасы мүшелерін отырғызып машықтанған авторитарлық басшы...”.
Әйтсе де, “Берлинер Цайтунг” газеті тілшісінің пікірінше, Н.Назарбаевтың жасы 63-те ғана болса да, оның дәуірі таяуда аяқталады... Президенттің қызы Дариға мұрагер болуға деген ниетін жасырмайды”. Н.Назарбаевтың таяу арада биліктен не атышулы “Қазақгейт” ісінің, не, орыстың “Компромат” атаулы Интернет парағында жазылғандай, өзінің отбасы ішінен шыққан жанжалдың немесе тағы басқаның салдарынан кетуін аталмыш неміс басылымы тәптіштеп жатпайды. Оны уақыт көрсете жатар.