Еуропа Одағының конституция жобасына қатысты дау тыйылмады

Еуропа Одағы басшыларының Брюссельдегі кезекті басқосуының бірінші күні нәтижесіз аяқталды. Конституция жобасына қатысты дау тыйылмады. Польша мен Испания конституцияда Франция мен Германияның дауыс беру құқықтары қалай болса, біздікі де солай болсын дейді. Еуропа Одағының басшылары, сондай ақ, ортақ қорғаныс жүйені құру мәселесін талқылап, ол жөнінде келісім тапты. Еуропа Одағының басшылары Ирақтың қайта жаңғыруына атсалысамыз деп мәлімдеді.