Грузияда президенттік қызметке дәмелемін дегендерді тіркеу кеше кешкісін аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы шартқа сәйкес кемінде 50 мың қол жинаған сегіз азаматтың тіркелгенін хабарлады. Грузиядағы кезектен тыс сайлауға ең басында 15 саясаткер қатысамыз деген еді.
Үміткерлер қатарында бұрынғы президент Эдуард Шеварнадзені ығыстырған оппозицияның басшысы Михаил Саакашвили де тіркелді.