АҚШ президенті Дж.Буш, Ақ үйдегі баспасөз мәслихаты кезінде, Саддам Хусейн үстінен өтетін сот ашық болады, халықаралық бақылау астында, ирақ азаматтарының тікелей қатысуымен өтеді, деді.
- Саддамның барлық қылмыстары, қиянаттары ашылып, әділет салтанат құруы керек, - дейді президент Буш.
Саддам қолға түскенімен, АҚШ президентінің пікірінше, АҚШ жетекшілігіндегі әскери қосындар алдында аса қатерлі міндеттер тұр.
Париж сапары кезінде, Ирақтағы Уақтынша басқару кеңесінің төрағасы Абдел Азиз ал-Хаким, бұрыңғы диктатор басшы Саддам Хусейн әділ сот алдында жауап беріп, қылмысы анықталса, егер қажет болса, өлімге де кесілуі мүмкін, деген.