Желтоқсанның 16 сы күні таңертеңмен Алматы тұрғындары мен қала қонақтары Республика алаңына Тәуелсіздік мерекесін тойлауға жиналды.
Алаң ортасында тігілген үлкен ақ шатырға бас сұғып, бір топ қонақтарды осы мерекемен құттықтап, тәуелсіздік күніне орай пікірлерін сұрап, танысқанымызда қонақтардың кейбірі Қытай елінен келіпті, ал тыңдаушыларымызға есімі таныс Шәріп Найман болса сонау Германияның Мьюнхен қаласында тұратындығы белгілі. Шетелдік қандастарымыз Тәуелсіздікке қол жеткізгелі 12 жылдың жүзі болған Қазақ еліне келіп осы тойды бірге тойлап жатқандарына қуанышты екендіктерін айтты. Олар тәуелсіздіктің ұзағынан болуын шын жүректерінен тілейтіндіктерін білдірді. Республика алаңында өткен мерекелік бағдарлама бойынша студент жастардың тобы осы Республика алаңында 1986 жылы зұлым империяға қарсы шыққан қазақ жастарының қайсар күресін бейнелеген қойылымды көрсетті.
Бұдан соң Алматы қалалық әкімшілігі мен басқадай түрлі қоғамдық ұйымдар атынан алаңдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Артынша Қазақстанның өнер шеберлері қатысқан концерт болды. Кешінде Алматы аспанын мерекелік отшашулар көмкерді.