Ресей елбасы Владимир Путин келер жылғы елбасылық сайлауларға үміткер ретінде қатысатындығын мәлімдеді.

Теледидар бойынша берілген Сауал және жауап атты хабарда ол мұндай ниетін растады. “Ресми түрде науқан басталғалы бері, алдағы бірнеше күн ішінде мен осындай мәлімдемемді жасағалы жүр едім. Бұл жөнінде сауалдардың көп екендігін де білемін. Менің жауабым- мығым. Иә, мен жарысқа қатыспақшымын. Қайталап айтамын, жақында бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасайтын боламын-, деді Путин мырза. Елбасылық сайлаулар Ресейде келер жылдың 14-ші наурызында орын алмақшы.