Майкл Джексонға айып тағылды

Американ сахна жұлдызы Майкл Джексонға кеше ресми түрде айып тағылды. Калифорния штатының прокуратурасы Майкл Джексон жас баланы жыныстық қатынасқа итермеледі, сол мақсатта оған арақ-шарап ішкізді деп тапты. Майкл Джексон мұны жоққа шығарады, шағым ақша бопсалауы мақсатында түсірілді деп мәлімдеді. Майкл Джексон 20-шы қарашада қамалып, сол күні үш миллион доллар кепілдемеге сотқа шейін босатылған.