Алдағы жылдан бастап оқу орындары студенттерінің есірткіні тұтыну жайын анықтауға арналған тексеру шараларын жүргізу жоспарланып отыр

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ
Алдағы жылдан бастап оқу орындары студенттерінің есірткіні тұтыну жайын анықтауға арналған тексеру шараларын жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, келесі жылдан бастап оқуға түсуші талапкерлер есірткі тұтынушылардың есебінде өздерінің бар-жоғын анықтайтын қағазды қоса тапсыруы қажет болады.

Желтоқсанның 19-ы күні өткен Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министрліктің осындай іс-шараларды атқаруды жоспарлап отырғаны мәлім болды.

Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекова, «Азаттық» радиосына берген сұхбатында айтып берді.

Алқа мәжілісінде есірткіге қарсы күрес жөніндегі 2002-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау жайы талданған. Спорт мектептерін көбейту жайына мән берілген.

Министрлік өкілінің айтуынша, республикадағы 50