Өтіп бара жатқан 2003 жыл ең жылы жыл болған.

Халықаралық ауа райын зерттеу Ұйымының мәлімдеуінше биылғы жыл соңғы 150 жылдағы ең жылы жыл болған. Биыл жер бетіндегі жылылық 1961-1990 жылдар деңгейімен салыстырғанда 0,45 пайызға жоғарылаған. Соның салдарынан Солтүстік мұзды мұхиттың мұзды аумағы 5 миллион шаршы километрге кішірейген.