Қазақстанда жалақы үстіміздегі жылдың 10 айында 14 пайызға өскен.

Интерфакстың хабарлауынша осы жылдың қарашаға дейінгі 10 айында Қазақстанда жалақы өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 14 пайызға өскен. Яғни бүгінде Қазақстанда орташа жалақы 22 мың 697 теңге. Ауылшаруашылығында орташа жалақы айына 11 мың теңгені құрап ең төменгі жалақы болып отыр.