Екі миллионнан астам тұтынушысы бар "Қазақтелеком" ұлттық компаниясы қызмет көрсетудің жаңа жүйесін қолданысқа енгізді.

"Колл-орталық" деп аталатын мұндай озық технология телекоммуникация саласы бойынша ТМД елдерінде әзірге тек Қазақстанда ғана бар. Енді жңа жүйе арқылы компания тұтынушысы 161 номерін теру арқылы өз телефонының қызметіне қатысты кез-келген мәліметті тәулік бойы байланыс операторларынан біле алады деп хабарлайды Хабар агенттігі.