Бүгін Кувейтте Парсы шығанағындағы алты Араб мемлекетінің жетекшілері Парсы шығанағы елдерінің бірлескен Кеңесінің екі күндік жоғары дәрежелі бас қосуына жиналады.

Сауд Арабиясы мен Кувейт, Біріккен Араб әмірліктері мен Қатар Бахрейн,Оман елдерінің өкілдері террор қаупіне қарсы бірлесіп күресудің күн тәртібіндегі мәселелерін талқылайтын болады. Сондай-ақ Саддам Хусейін ұсталғаннан кейінгі Ирақтағы жағдай да талқыланады.