БАҒДАД: Ирақтың Басқару кеңесінің мүшесі әрі заң комитетінің төрағасы Дара Нуриддин хабарлағандай, жарты жылға жуық мезгіл ішінде 20-ға жуық магистрат Саддам Хусеин режимінің қылмыстарын тергеумен шұғылданады. Жексенбі күні Бағдадта Д.Нуриддин бұрынғы диктаторды соттайтын арнайы трибуналдың құрамы бір айдың ішінде айқындалады деп мәлімдеді.