Түркия Ирақ біртұтастығына қауіп төндіретін қадамды айыптады.

Түркия сыртқы істер министрі Абдұлла Гүл Ирақ күрдтерінің Ирақ конституциясын күтпей-ақ Ирақты федерацияға бөлу жәйлі ұсынысына қарсылық білдірді. Бұл қадам Ирақта жаңа аласапыранның туындауына алып келеді деп біледі Түркия сыртқы істер министрі.