АҚШ-тың “Веризон” телефон компаниясы мен еуропалық “Водафон” корпорациясы сымсыз телефондар арқылы мұхиттың арғы бетімен хат-хабар алмасып отыруға мүмкіндік беретін бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірісті.

Алдағы жылдың басында байланыстың осы жаңа түрін АҚШ, Ұлы Британия, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Голландия, Португалия, Швеция және Жаңа Зеландияның тұрғындары пайдалана алатын болады.