Қызылорда облысында апатты жағдай қалыптасып, қазір Шардара су қоймасындағы судың көлемі 3,5 млрд. текше метрлік қаупті деңгейге жетті.

ҚЫЗЫЛОРДА: Қазақстанның осы оңтүстік облысында апатты жағдай қалыптасып, дәл қазір Шардара су қоймасындағы судың көлемі өткен жылғы мөлшерінен 0,7 млрд. текше метрге асып, 3,5 млрд. текше метрге жетті. Оған қоса, су қоймасына күн сайын нормадан 2 есе көп – 1,3 мың текше метр су құйылуда, ал қоймадан – 550 т.м. су ағып кетуде. Артық суды Сырдарияға ағызудың да мүмкіндігі жоқ. Өйткені, Сырдарияның өзі де арнасынан тасу алдында тұр. Апатты жағдайдың алдын-алу мақсатында Қазақстанның су комитеті өкілдері өзбек әріптестерімен келіссөздер жүргізуде.