ҚР-сының “Сайлау туралы” конституциялық заңына “өзгерістер енгізу туралы” заңның бірдей 3 жобасы парламент палаталарының 26 желтоқсандаға бірлескен отырысында қаралмақ.

АСТАНА: Бүгін Қазақстан парламеті Сенатының кезекті отырысында “Азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігі туралы” және тағы бірқатар заң жобасы талданбақ. Республика парламентінің қоржынында, сонымен қатар, ҚР-сының “Сайлау туралы” конституциялық заңына “өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы” заңның бірдей үш жобасы жатыр. Ол жобалар парламент палаталарының 26 желтоқсанға белгіленген бірлескен отырысында бірінші оқылымында қаралмақ.