МӘСКЕУ: Есірткінің айналымын қадағалау жөніндегі Ресейдің мемлекеттік комитетінің төрағасы Виктор Черкесов ресей-қазақстан шекарасындағы ахуалды нашар деп бағалады. Бейсенбі күні Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына мүше елдердің есірткі саудасымен күресетін мекемелері басшыларының Мәскеудегі мәжілісінің қорытындылары бойынша ұйымдастырылған арнайы баспасөз-маслихатында ол осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақ-орыс шекарасы арқылы Орта Азия елдерінен есірткілер Ресейге емін-еркін өтуде.