29-желтоқсанда Алматыда азаматтық қоғамды дамыту және одан әрі демократияландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі тұрақты Кеңестің биылғы соңғы отырысы өтеді.

АЛМАТЫ: 29 желтоқсанда Алматыда азаматтық қоғамды дамыту және одан әрі демократияландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін Кеңестің биылғы жылғы соңғы отырысы өтеді. Оның күн тәртібіне бірқатар саяси партия мен Петр Своиктің ұсынған сайлау туралы заңға енгізілетін өзгерістердің жобасы сынды бір ғана мәселе қойылды. Кеңестің төтенше отырысын өткізуге аталмыш заңға өзгерістер енгізу туралы 5 саяси партияның кешенді ұсынысы түрткі болды.