Ливияның сыртқы істер министрі Абдел Рахман Шалқам Триполиға келген халықаралық атом агенттігінің басшысы Мохаммед Елбарадеймен және ядролық қару бақылаушыларымен толықтай ынтымақтаса жұмыс істеуге уәде етті.

Атом агенттігінің жетекшісі Ливия өзінің жойқын қаруы бағдарламасынан бас тартуға келісім бергеннен кейін келіссөздер өткізуге келген. Елбарадей өз адамдары келіссөздер барысында жергілікті сарапшылармен техникалық талдаулар жасап, қажет деген орындарына тексеру жүргізетін болады деп айтқан.