Жыл басынан бері Семей аймағындағы қарағайлы алқапта 340 рет өрт болып, заңсыз ағаш кесу салдарынан 44366 шаршы метр орман жойылған. Ал оны қорғауға тиісті мекемелердің материладық-техникалық базасы жеткіліксіз. Сондықтан да Әлемдік банк 35 миллион АҚШ долларын бөлетін болды деп хабарлайды Хабар агенттігі.