Жамбылдық азаматтар Венада болып, Австриядағы білім, ғылым және кәсіп одақ мәселелерімен танысып қайтты.

Жамбылдық бір топ мекеме жетекшісі, мұғалім, дәрігер және кәсіподақ қызметкерлері Австрия астанасы Венада бір апта болып , ол елдегі мәдени, білім, кәсіподақ бағдараламаларымен танысып қайтты. Тілшіміздің айтуынша, Австриядағы жұмыспен қамтылған жұрттың 70 пайызы туризм-саяхат саласында істейтін көрінеді. Ал Австрияда жасайтын 20 шақты қазақ обасында жас балаларға дейін ана тілдері - Қазақ тілін ұмытпай, елдік салт- дәстүрді бекем ұстанады екен.