Шығыс Қазақстанда тағы да бір мешіт бой көтермек.

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданы Большая Владимировка ауылында болашақ мешіттің алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Казахстан тудей агенттігі тілшісі. Мешіт құрылысын әлеуметтік жаңғыртулар жөніндегі Кувейт қоры мен Ғабиден Рахметов атындағы қор қаржыландырғалы отыр. Бұл жоба шамамен 50 мың доллар деп межеленген. Мешіт 150 адамға есептелген.