Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов табиғат апатына ұшыраған азаматтарға бір реттік жәрдем ақы беру жөніндегі жарлыққа қол қойды.

Ол жарлыққа орай, табиғи апаттан қаза тапқан отбасының әрбір мүшесіне 100 доллардан, сондай-ақ, зардап шеккен үйлерді жөндеу кезінде де 100 доллардан көмек беріледі. Ал егер тұрғын үй түгелдей қираса жаңа үй құрылысы үшін 5 жылға 500 долларлық жеңіл кредит берілер екен. БҰҰның İзгілік көмегін үйлестіру кеңсесі есептеріне қарағанда, 1993-2002 жылдар аралығында, Тәжікстанда 70 мыңдай адам зілзала және жер көшкіні кесірінен баспанасыз қалған екен.