МӘСКЕУ: Ресейдің Федерация Кеңесінің төрағасы Сергей Миронов президенттікке үміткер ретінде ұсынылды. Жексенбі күні С.Миронов бастаған “Партия жизни” немесе “Өмір партиясының” сиезі осындай шешім қабылдады. Партияның атқару комитетінің төрағасы Николай Левичев атап көрсеткендей, өз үміткерін ұсына отырып, президент Владимир Путиннен теріс айналмайды, қайта ол ұстанған демократиялық бағыттың негізін нығайтады.