МӘСКЕУ: Қытайдың биік мәртебелі делегациясы бүгін Мәскеуде Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы бойынша көп жақты келіссөздерді жалғастырудың келешегін талдайды. Келіссөздердің бірінші сатысы тамызда Пекинде өтіп, оған АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей және екі Кәрей елі де қатысты. Келіссөздердің екінші сатысын өткізудің мерзімі беймәлім. Осы аптада Солтүстік Кәрейдің шақыруымен АҚШ-тың 2 делегациясы Пхеньянға барады. Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұл бейресми сапар көрінеді.