АСТАНА: Қазақстан президенті Н.Назарбаев қаңтар айында ресми сапармен Сауд Арабиясына барады. Өткен сенбіде Қазақстанның осы патшалықтағы елшісі Асқар Мусинов “Әл-Джазира” газетіне осылай деп хабарлаған. Сапар барысында Н.Назарбаевтың Саудия патшасы Фахдпен және елдің басқа да басшыларымен кездесуі жоспарланып, екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселелері, Таяу Шығыстағы ахуал және басқа да халықаралық тақырыптар талданбақ. Өз әңгімесінде қазақ елшісі Сауд Арабиясынан Қазақстандағы ислам орталықтарын құруға бөлінген қаржылай көмекке ерекше атап өткен.