“Эфматол” препараты Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл елді мекенінде құрылысы аяқталып қалған дәрі-дәрмек зауытынан сериямен шығарыла бастайды.

ПЕТРОПАВЛ: “Эфматол” препараты Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінде тіркеліп, таяу болашақта Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл елді мекенінде құрылысы аяқталып қалған дәрі-дәрмек зауытынан сериямен шығарыла бастайды. “Эфматол” дәрмегі – асқа биоактивті қосымша ретінде ғана емес, ендігі жерде өкпенің асқынуына, түбіркүлезге және тағы бірқатар дертке қарсы ем есебінде қолданылмақ.