Қаңтардың 15-і күні Қытай астанасы Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ
Қаңтардың 15-і күні Қытай Халық Республикасының астанасы Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Оған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев мырза қатысады.
Бұл жайындағы ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің екінші хатшысы Талғат Жұмағұловқа хабарласып білген едік.

- Қаңтардың 15-і күні Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Пекинде сапармен болып, онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы атқару хатшылығын ашудың ресми салтанатына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің сыртық істер министрлерінің кеңесінің отырысына қатысады. Қытай астанасына жүрердің қарсаңында Қазақстанның сыртқы істер министрі, Қазақстандағы Қытай елшісімен кездесті. Дипломаттар Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосып отырған өңірлік ұйым ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін арттыру қажеттілігін атап өтті, - деді Талғат Жұмағұлов.

Осы сапар аясында екі жақты кездесулер өткізіле ме деп сұрағанымызда, Талғат Жұмағұлов, әзірге ондай ақпараттың жоқтығын айтты.

Сыртық істер министрлігі өкілінің айтуына қарағанда, Пекиндегі аталған бас қосуда қандай құжаттарға қол қойылатындығы туралы әзірге ақпарат жоқ. Дегенмен, Талғат Жұмағұлов, Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің нәтижесі бойынша ақпарат таратылатындығынан хабардар етті.