Израил мен Газа аймағының шекарасында кеше тағы жанкешті шабуыл жасалды. "Хамас" тобындағы жас келіншек өзімен қоса төрт адамды жарып жіберді. Тағы жеті адам жарақат алды, олардың төртеуі – палестиндік, дейді Израил әскері.
Палестина бас министрі Ахмед Кюрей шабуылды сөгуден бас тартты, алдымен Израилдің шабуылдарын және Израилдің палестиндіктерге қарсы шектеулерін тоқтатқан жөн деді. Америка Құрама Штаттары шабуылға сөгіс айтты.