Үш бұрынғы қазақстандық азамат шатақ жағдайда Грек полициясына түсті

Қазақстаннан Грекияға көшіп барған үш грек азаматы шатақ жағдайда полицияға түсті. Олар пәтерінде танкке қарсы қолданылатын қару мен жарылғаш заттарды сақтап отырыпты. Мениди қаласында ұсталған үш бұрынғы қазақстандық азаматтың аты-жөні және басқа егжей-тегжей мәлімет жарияланбады. Бұлар терроризм емес, ұйымдасқан қылмыскерлік бойынша айыпталды, деп хабарлайды Афиннен "Ассошейтед пресс" агенттігі.